Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

НҰР-МҮБӘРАК УНИВЕРСИТЕТІНДЕ СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 18.05.2023 2642 0 пікір
НҰР-МҮБӘРАК УНИВЕРСИТЕТІНДЕ СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ (ФОТО)

Бүгін Алматы қаласындағы Нұр-Мүбәрак университетінде салынған спорт кешенінің ашылу рәсімі өтті. Игі іс-шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы қатысып, игі тілегін жеткізді.

«Біз шәкірттеріміздің рухани әлемін байытумен қатар олардың тән саулығына да көңіл бөліп келеміз. Халқымыз: «Тәні саудың – жаны сау» деп текке айтпаған. Денсаулық – бізге берілген аманат. Спорт – денсаулық кепілі.

Осы спорт кешенінде ұйымдастырылатын іс-шаралар студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттауға серпін береді деп сенемін. Сауапты іске үлес қосқан барша азаматтарға Алла разы болсын!» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Кешенде теннис, садақ ату залы және футбол, волейбол ойнау алаңы бар.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру