Бүгін Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде «Дін мен дәстүр» бұрышы ашылды.
Ізгі шараға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысты. ҚМДБ Төрағасы облыстық әйел-қыздар секторы мен әжелер мектебінің ұжымымен бірге тұсаукесер рәсімін өткізді. Бас мүфти екі бүлдіршіннің тұсауын кесіп, ақ батасын берді.
Айта кетейік, «Дін мен дәстүр» бұрышында ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып амалдары орындалмақ.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру