Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«ҚҰРАННЫҢ ҚАЗАҚША МАҒЫНАСЫ ЖӘНЕ ТҮСІНІГІ» КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 22.03.2023 2817 0 пікір
«ҚҰРАННЫҢ ҚАЗАҚША МАҒЫНАСЫ ЖӘНЕ ТҮСІНІГІ» КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ (ФОТО)

Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ғимаратында «Құран Кәрімнің қазақша мағынасы және түсінігі» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Игі іс-шараға қатысқан Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Марқұм ғалым, аудармашы, ұстаз Абсаттар Сманов көп жылдар бойы қасиетті кітабымызды аударуға уақытын сарп етті. Ол Ғұламалар кеңесінің белсенді мүшесі ретінде мұсылман қауымының күнделікті тіршілігі мен құлшылығы үшін маңызды болған көптеген пәтуалардың шығуына үлес қосты. Қарбалас уақытына қарамастан артына мол рухани мұра қалдырды. Соның бірі қолдарыңыздағы «Құран Кәрімнің қазақша мағынасы және түсінігі» еңбегі. Алла Тағала Абсаттар Смановты өз мейіріміне бөлеп, діни саладағы еңбектеріне мол сауаптан жазғай. Әмин!» деді.


Айта кетсек, «Құран Кәрімнің қазақша мағынасы және түсінігі» кітабы 10 мың данамен шыққан. Оған Дін істері комитетінің дінтану сараптамасының және Қазақстан мұылмандары діни басқармасының дінтану сараптамасының оң қорытындысы берілген.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру