Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«БӨЛІМ САҒАТЫ» ЖОБАСЫ БОЙЫНША КЕЗЕКТІ ЖИЫН ӨТТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 21.03.2023 2112 0 пікір
«БӨЛІМ САҒАТЫ» ЖОБАСЫ БОЙЫНША КЕЗЕКТІ ЖИЫН ӨТТІ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен «Бөлім сағаты» жобасы бойынша кезекті Аппарат жиналысы өтті.

Жиында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Уақып» қорының директоры Ардақ Оразбаев пен «QAMQOR-SHARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығының директоры Мейрамбек Қабылбекұлы осыған дейін атқарған жұмыстары жайлы есеп берді. Сонымен қатар алдағы уақытта жүзеге асатын жобалар жайлы баяндады.

Жиналыс барысында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Уақып» қоры мен «QAMQOR-SHARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығы халыққа қызмет ету жолындағы маңызды бағыттарымыздың бірі екенін тағы да айрықша атап өтемін. Сондықтан бұл саладағы жұмыстарды тиянақты орындау қажет» деді.

Жиында ҚМДБ меңгерушілері қор мен орталық жұмысын жетілдіру бойынша өз ойлары мен пікірлерін ортаға салды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру