Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«MUNARA TV» – ЦИФРЛЫҚ АҚПАРАТ ТАРАТУ ЖЕЛІСІНДЕ!

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 09.08.2022 3259 0 пікір
«MUNARA TV» – ЦИФРЛЫҚ АҚПАРАТ ТАРАТУ ЖЕЛІСІНДЕ!

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төл телеарнасы «Munara TV» Цифрлық ақпарат тарату желісіне (ЦЭТВ) қосылды. Бұл – діни, рухани-танымдық арна бұрынғыдан да қолжетімді болды деген сөз.

Сүйінші хабарды «Munara TV» директоры Нұржан Таласұлы жеткізді.

«Мүфтияттың төл телеарнасы «Munara TV» көрермендер үшін қолжетімді болды. Бұдан былай «Munara TV» арнасын Цифрлық ақпарат тарату желісінде 22-ші, «Отау ТВ» спутниктік желісінде республика бойынша 20-шы (бұрын 49-арна болатын),  ал ID TV кабелдік желісінде 23-арнадан тамашалай аласыздар» дейді арна директоры.

Руханияттың мұнарасы – «Munara TV» арнасы үйіңізде қосулы болсын!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру