Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ТАРАЗДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ БАСТАЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 24.05.2022 1171 0 пікір
ТАРАЗДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ БАСТАЛДЫ (ФОТО)

Бүгін Тараз қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы инновациялық-гуманитарлық университеттің мәжіліс залында «Тараздан шыққан діни тұлғалар. Профессор Насрулла Таразидің туғанына 100 жыл» халықаралық ғылыми-танымдық конференциясы басталды.

Жиын Құран аяттарын оқумен басталып, саяси қуғын-сүргін құрбандарына дұға бағышталды. Конференцияға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Жамбыл облысының әкімінің орынбасары Нұржан Сәбитұлы, Нұр-Мүбарак университетінің ректоры, профессор Мұхаммед Шаххад әл-Жинди, осы университеттің Әбу Ханифа ғылыми-зерттеу орталығының директоры, профессор Шамшәдин Керім, тарих ғылымдарының докторы Әшірбек Мүминов, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультетінің деканы, PhD доктор Ықтияр Палтөре және Өзбекстан, Қырғызстаннан арнайы келген тарихшы ғалымдар қатысып, Тараздан шыққан дін тұлғаларын көпшілікке таныту, еңбектерін оқырманға таныстырып, арнаулы баяндама жасайды. Сондай-ақ Насрулла ат-Тарази еңбектері мен ғұмыры жайлы сыр шертеді.

Айта кетейік, Насрулла ат-Тарази – парсы тілі және әдебиеті бойынша ғылым докторы, профессор, ескі қолжазбарды оқу және талдау бойынша білікті маман, шығыстанушы ғалым.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру