Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ «ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМГЕ ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ОРТАЛЫҒЫ» ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі nmu.kz 21.04.2022 1904 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ «ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМГЕ ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ОРТАЛЫҒЫ» ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласына іс-сапары барысында Нұр-Мүбарак университеті жанындағы Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығының жұмысымен танысты.

Дерадикализация мамандарымен өткен кездесуде орталық директоры Тимур Нүсіпханұлы жұмыс барысымен таныстырса, кейін жан-жақты жұмыс жайлы арнайы әзірленген бейнабаян назарға ұсынылды.

«Еліміздің діни тұтастығы жолында біздің жауапкершілігіміз жоғары. Себебі жат діни ағымдар қашанда болған, бола беретіні белгілі. Сондықтан жат ағым құрбандарын оңалту жұмыстары өте ауқымды екенін түсінемін» деді ҚМДБ Төрағасы.

Ал орталық директоры Тимур Нүсіпханұлы 2021 жылдан бері ҚМДБ имамдары мен аймақтық дін істері басқармалары, оларға қарасты орталық теологтарына арналған 7 курста жалпы 658 маман, сондай-ақ «Жусан» гуманитарлық операциясымен қайтарылған және деструктивті діни ағым жетегіндегілерді оңалту шаралары бойынша 5 аймақтың 200-ге жуық өкіліне арнайы курстар өткенін тілге тиек етті.

Бас мүфти орталық жұмысымен толық танысып, осы салада дәріс беретін университеттің оқытушы-профессорлар құрамына айрықша алғысын білдірді. Проректор, доцент Қайрат Құрманбаев та Наурызбай қажы Тағанұлына ҚМДБ тарапынан университетке жасалып жатқан қамқорлық үшін ризашылығын жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру