Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ЖАЗУШЫ СМАҒҰЛ ЕЛУБАЙМЕН СҰХБАТТАСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 09.04.2022 3497 0 пікір
БАС МҮФТИ ЖАЗУШЫ СМАҒҰЛ ЕЛУБАЙМЕН СҰХБАТТАСТЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматыда жазушы, кинодраматург Смағұл Елубаймен кездесті.

Бас мүфти Діни басқарманың игі бастамаларына үнемі қолдау білдіріп отыратын қаламгерге ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.

«Сізді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған Ақсақалдар кеңесі құрамынан көргенімізге қуаныштымыз. Өзіңіз секілді зиялы ақсақалдардың, аға буын өкілдерінің ақыл-кеңесі бүгінгі қоғамға, әсіресе жастарға ауадай қажет екеніне куә болып отырмыз. Қазіргі жастар өздеріңізге еліктеп өссе, кеңестеріңізге жүгінсе, жаман болмас деп ойлаймын» деді ҚМДБ Төрағасы.

Өз кезегінде жазушы Смағұл Абатұлы Бас мүфтиге руханият саласында ақсақалдардың ақылына жүгініп отырғаны үшін алғысын білдірсе, республикалық деңгейде Ақсақалдар кеңесінің құрылуын жоғары бағалады. Одан бөлек шығармашылығындағы жаңалықтарды бөлісіп, жуырда ғана Президент қабылдауында болғанын, Мемлекет басшысына өзінің «Ақ боз үй» шығармасының желісі бойынша түсірілген көркем фильмді таныстырғанын тілге тиек етті.

Сондай-ақ Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қаламгерді 75 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, деніне саулық, отбасына амандық тілей келе, иығына шапан жауып, сый-сияпат жасады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру