Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ РАНТ МҮШЕЛЕРІНЕ ОНЛАЙН ЖИЫН ӨТКІЗДІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 17.01.2022 3036 0 пікір
НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ РАНТ МҮШЕЛЕРІНЕ ОНЛАЙН ЖИЫН ӨТКІЗДІ (ФОТО)

Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Республикалық ақпарат-насихат тобы мүшелерімен онлайн кездесу өткізді.

Жиында РАНТ жұмысының 2022 жылға жоспары, сондай-ақ елдегі төтенше жағдайға байланысты жамағатқа айтылатын насихат пен бейнедәрістер, уағыздардың, баспасөзге шығатын мақалалардың бағыт-бағдары талқыланды.

«Еліміздегі төтенше жағдайға және эпидахуалдың қайта күшеюіне байланысты мешіттеріміз тағы да уақытша жабық тұр. Дегенмен уағыз-насихат жұмыстары тоқтамайды. Діни басқарма 2022 жылды «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» деп атауына орай РАНТ мүшелері мен имамдарымыз ел бірлігі, діни сенімде бөлінбеу тақырыптарында жамағатқа ұтымды уағыз-насихат айтуы тиіс» деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Сондай-ақ жиын барысында РАНТ мүшелеріне арналған семинар-тренинг өткізу жоспарда бар екені айтылды. Ал өз кезегінде РАНТ мүшелері Бас мүфтиге уағыз-насихатқа қатысты ұсыныстарын жеткізді. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру