Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ «QAMQOR-SHARAPAT» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 18.11.2021 863 0 пікір
БАС МҮФТИ «QAMQOR-SHARAPAT» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Павлодар қаласында мешіт жанынан ашылған «QAMQOR-SHARAPAT» орталығының жұмысымен танысты.

Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы Бас мүфтиге орталық жұмысын таныстырды. Бас имам халыққа діни салттық қызмет көрсетудің бағыттары жайлы баяндады.

Наурызбай қажы Тағанұлы журналистерге берген сұхбатында: «Біз имамдар форумында «Зират және зиярат мәдениеті», «Ас беру мәдениеті» құжаттарын қабылдадық. Аталған құжаттардың негізгі мақсаты – халық арасында құдайы ас беру, зират көтеру мен қабірлерді зиярат етудің шариғатқа сай әдебі мен мәдинетін қалыптастыру.

Өздеріңізге белгілі, кейде кейбір бауырларымыз жақын туысы қайтқан кезде ысырапқа жол беріп, шариғатымыз талап етпеген іс-әрекеттер жасап жатады. Біз осы мәселені шешудің балама жолы ретінде мешіт жанынан діни салттық қызмет көрсету орталықтарын ашып, қазалы үйге барынша көмек көрсетіп келеміз. Сонымен қатар ас беру әдебін қалыптастыру бағытында халықты ысырапқа жол бермеуге үндейміз. Аллаға шүкір, жалпы жамағат пен зиялы қауым өкілдері бұл бастамамызды қолдап, өздерінің ізгі ниеттерін жеткізуде» деп атап өтті.

Айта кетсек, Павлодар облыстық Мәшһүр Жүсіп мешіті жанынан ашылған «QAMQOR-SHARAPAT» діни салттық қызмет көрсету орталығында жұқпалы дертке шалдығып, қайтыс болған жандарды жерлейтін арнайы мамандар жұмыс істейді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұрағат