Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ЕЛОРДАДА ЖҰМА УАҒЫЗЫН ЖҮРГІЗДІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 12.11.2021 3100 0 пікір
БАС МҮФТИ ЕЛОРДАДА ЖҰМА УАҒЫЗЫН ЖҮРГІЗДІ (ФОТО)

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордадағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде жұма уағызын жүргізді.

Күндердің сұлтаны жұмада «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітіне арнайы келген Бас мүфти алдымен «Дінге беріктік (истиқама)» тақырыбында уағыз айтты. Әрбір мұсылманның өмірінде маңызды болған дінге беріктік мәселесіне тоқтала келіп:

«Пенденің Жаратушысын танып, ақиқатты мойындап, тура жолға түсуі – Алла Тағаланың ол үшін берген ең үлкен нығметі. Алайда, адам баласының табиғатында әлсіреу, өзгеру сынды сипаттар бар. Осы себепті кей адамдар өзіндік ұстанымынан ауытқып, орындап жүрген құлшылықтарына енжарлық танытып, тастап қойып жатады. Бұлай істеу – қанша уақыт қиналып үй тұрғызып, кейін оны бұзып тастаудың мысалына ұқсас» деді Бас мүфти.

Наурызбай қажы Тағанұлы момын-мұсылмандардың дінге берік болуына, тура жолдан айнымай жүруіне себеп болатын амалдар жайында арнайы тоқталып өтті.

Одан кейін жамағатқа имам болып жұма намазын оқыған ҚМДБ төрағасы ел мен жердің амандығы, халқымыздың бейбітшілігі мен тыныштығы үшін арнайы дұға жасады.

Бас мүфти уағызын тыңдаған мешіт ақсақалдары намаз соңында ақ батасын беріп, ризашылығын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру