Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ КАТАРДАН КЕЛГЕН ДЕЛЕГАЦИЯМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 11.11.2021 1043 0 пікір
БАС МҮФТИ КАТАРДАН КЕЛГЕН ДЕЛЕГАЦИЯМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Катар елінен келген делегацияны қабылдады.

Кездесуге Катар тарапынан «Qatar» Даму қорының Жобаларды басқару жөніндегі басшысы Хасан Забиб, аталған қордың жобалар зерттеушісі Ануд Мұхаммед әл-Кауари, Әкімшілік істері зерттеушісі Наср Мұхаммед әл-Жабр, Khatib Alemi компаниясының басшысы Алекс Ханна және Орта Азиядағы өкілі Машхур Шаар қатысты.

Екіжақты кездесу негізінен іскерлік бағытта өрбіді. Тараптар елордадағы «Нұр Астана» мешітін кеңейту, жаңа заманауи бағыттағы нысанға айналдыру жағын талқылады. Сондай-ақ алдағы уақытта тұрғызылатын мешіттерді заманауи талаптарға сай етіп салу жайы талқыланды.

Кездесу барысында қор өкілдері жоба бойынша ортақ келісімге келетінін жеткізді. Басқосу соңында Бас мүфти қонақтарға алғысын білдіріп, қазақы дәстүрге сай кәдесый ұсынды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұрағат