Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ӨЗБЕКСТАН МҮФТИІ АЙТ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

muftyat.kz 14.05.2021 795 0 пікір
ӨЗБЕКСТАН МҮФТИІ АЙТ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Өзбекстан мұсылмандары басқармасының төрағасы Усмонхон Темирханұлы Самарқанди ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын Ораза айт мерекесімен құттықтады.

«Құрметті Наурызбай қажы Тағанұлы! Сізді және Діни басқарма қызметкерлерін өз атымнан және Өзбекстан мұсылмандары басқармасы атынан айт мерекесімен құттықтаймын. Алла Тағала сіздерге зор денсаулық, еңбектеріңізге береке бергей! Рамазан айындағы құлшылық-ғибадаттарыңызды, ізгі амалдарыңызды Алла Тағала өз дәргейінде қабыл етсін!» делінген құттықтауда.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі