Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ДІН АРҚЫЛЫ ЕЛДІ БІРІКТІРУГЕ БОЛАДЫ - Шымкент әкімі

ҚМДБ баспасөз қызметі www.muftyat.kz 19.11.2019 3469 0 пікір
ДІН АРҚЫЛЫ ЕЛДІ БІРІКТІРУГЕ БОЛАДЫ - Шымкент әкімі

Бүгін Шымкент қаласында өткен аймақтық имамдар форумында баяндама жасаған қала басшысы Ерлан Айтаханов діннің халықты біріктірудегі рөлін айрықша атап өтті.

"Дін - адам тарихының үлкен тәрбиесінің бірі және сарқылмас даналық көзі. Егемен ел болып қалыптасуымызда, мемлекетіміздің өсіп өркендеуінде діннің алатын орны ерекше. Өйткені, дін адамгершілік, әділдік, төзімділік кепілі. Діні, тілі, ділі жоқ халықтың болашағы жоқ. Дін арқылы елді біріктіруге болады", - деді Шымкент қаласының әкімі Ерлан Қуанышұлы.

Айта кетейік, ҚМДБ-ның Түркістан облысы мен Шымкент қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен аймақтық имамдар форумына Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, мемлекет және қоғам қайраткерлері - Шалатай Мырзахметов, Сайлаукүл Барақова, белгілі ғалым, профессор Досай Кенжетай, т.б. зиялы қауым өкілдері, медресе-колледж шәкірттері және өңірдегі 800 имам қатысты.

Форумды Шымкент қаласының бас имамы Бақтыбай Бейсенбаев жүргізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру