Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы – Ақтөбе облысында

Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 18.11.2019 683 0 пікір
Наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы – Ақтөбе облысында

Ақтөбедегі ІІІ аймақтық имамдар форумына елордадан ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы келіп қатысты.

Осы сапарында Наурызбай қажы Тағанұлы Темір ауданына арнайы сапар шекті. Облыс орталығынан шалғай орналасқан өңірге наиб мүфтимен бірге Ақтөбе облысының бас имамы Төлеби қажы Оспан мен облыстық дін істері басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиев те барды.

Наиб мүфтиді Темір ауданының әкімі Жолдас Қалмағамбетов бастаған азаматтар құрметпен күтіп алды. Наурызбай қажы Тағанұлы Шұбарқұдық елдімекеніне жақын жердегі қасиетті ата-баба қорымына барып, Қоңыр Қашақ баласы Досжан Хазіреттің басында Құран оқыды.

Бұдан кейін наиб мүфти Ақтөбе медресе-колледжінде болып, оқу ордасының тыныс-тіршілігімен танысты. Аталған оқу орнының директоры Әбдімүтәлі Дәуренбеков Наурызбай қажы Тағанұлын жаңадан салынып жатқан оқу корпусымен және спорт кешенімен таныстырды. Колледж шәкірттерімен кездескен наиб мүфти болашақ дін саласы өкілдеріне кемел келешек тілеп, бата берді.