Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жамбыл: ХІІ республикалық Құран байқауына іріктеу өтті

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі asyldin.kz 21.08.2023 1434 0 пікір
Жамбыл: ХІІ республикалық Құран байқауына іріктеу өтті

ҚМДБ Жамбыл облыстық өкілдігі Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ХІІ республикалық байқаудың іріктеу сайысын өткізді.

Республикалық байқау үшін іріктеу сайысы 4 номинация негізінде өткізілді. Атап айтсақ, Құранды толық жатқа оқудан; Құранның 20 парасын жатқа оқу; Құранның 10 парасын жатқа оқу; Құранды мәнерлеп оқу бойынша.

Іріктеу сайысына 50-ден астам үміткер бақ сынасты. Іс-шарада үміткерлерді сынап, әділ бағасын берген қазылар алқасында Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы (төраға), «Қордай» қарилар дайындау орталығының ұстазы Хусей Ахмет қари мен «Һибатулла Тарази» орталық мешітінің наиб имамы Мұрат Нұрлан болды. 

Үміткерлер байқауда оза шауып жүлделі орындарға ие болды. «Құранды мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша 2-орынды Сағындық Ерасыл Досболұлы иеленсе, 1-орын мен жолдама Балтабаев Нұрдаулетке бұйырды.

Құранның 10 парасын жатқа оқу номинациясы бойынша 3-орынды Абдухаким Ибрагимович пен Тоқтағанов Бауыржан иеленсе, 2-орын Линтеев Равиль Мусаевич, 1-орын және жолдаманы Губе Рамазан Ибрагимович алды.

Құранның 20 парасын жатқа оқу номинациясы бойынша 3-орынды Хусей Биляль Ахметович пен Жуманазаров Ермек Курманазиевич бөліссе, 2-орынды Сушанло Фарух Рустамович иеленді. Бұл номинация бойынша 1-орын алған үміткер болмады.

Құранды толық жатқа оқудан 3-орынды Хурман Фазаиль, 2-орынды Кутуров Абдуль-бари жеңіп алса, 1-орын мен жолдаманы Лиров Нурмухамед қари ұтып алды.

Бас жүлде алған қариға ұмра қажылығы және жүлделі орын иеленген әрбір қатысушыға ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Айта кетейік, қыркүйек айында 1-орын иеленіп республикалық жарысқа жолдама алған үміткерлер үлкен сайыста Жамбыл облысының намысын қорғайтын болады. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру