Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ V РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 21.08.2023 729 0 пікір
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ V РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ

ҚМДБ Алматы қаласы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Жасөспірімдер арасындағы V республикалық құран жарысы өтті. 

Сайысқа Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы қатысып, барлық қатысушы жасөспірімдерге сәттілік тілеп, батасын берді. Сонымен қатар аудан имамдары мен мешіт ұстаздары қатысты. 29,30 және 30 пара бойынша бақ сынасқан қатысушылар Орталық мешіт залын әуезді Құран үнімен әуелетті. Жарысқа түсіп, жүзден жүйрік шыққан қатысушыларды бас имам Төлеби Дәділұлы құттықтап, арнайы қаржылай жүлделермен және сыйлықтармен марапаттады. Сондай-ақ жарыста ерекше көзге түскен екі қатысуышыға ынталандыру сыйлықтары да табысталды. Өңірлерден, атап айтсақ Қызылорда, Ақтөбе, Жетісу облысы мен Алматы облысы атынан Құран жарысына арнайы қари дайындап алып келген 4 ұстазға 50 мың теңгеден сыйақы берілді. «Алланың қасиетті Құран кітабын жатқа оқып, терең тануға деген ниеттеріңізге Алла жар болсын!. Құран – Исламның рухани кеңістігінің көгінде жарық шашқан нұрлы шырақ болып табылады. Осынау Исламның негізі мен мәні болып саналатын Құранға деген зор ықыластарыңызбен демеушілік жасаған қайырымды азаматтарға алғыс білдіремін. Алла жар болғай!» , - деді бас имам Төлеби Оспан.


29, 30 пара
 бойынша:

1-орын (200 000 теңге) - Асқар Мұхамеди Нұрғисаұлы;

2-орын (180 000 теңге) - Есімбек Али Саятұлы; 

3-орын (150 000 теңге) - Толабек Диас Әділбекұлына бұйырды.


Және ынталандыру сыйлықтары:

1. Екпін Бағдарсын

2. Мекке Нұртуғанұлына табысталды.


30 пара бойынша:

1-орын (100 000 теңге) - Ерасыл Асхатұлы;

2-орын (80 000 теңге) - Иманғали Түгелбайұлы;

3-орын (50 000 теңге) - Арсланали Жанғалиұлының қанжығасына байланды. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру