Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жетісу өңірінде мешіт құрылысы басталды

ҚМДБ «Уақып» қоры waqf.kz 25.05.2023 1029 0 пікір
Жетісу өңірінде мешіт құрылысы басталды

Жетісу облысы Көксу ауданының Мұқыр ауылында ҚМДБ «Уақып» қорының демеушілігімен мешіт құрылысы басталды.

Құрылыс басында құрбандық шалынып, ҚМДБ «Уақып» қорының басқарма төрағасы Ардақ Оразбай арнайы дұға жасады. 

Мешіт салу – сауабы үзілмейтін сауапты іс. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келесі бір хадисінде: «Расында, мүмін-мұсылман мешітке келсе, Алла Тағала: «Пендем Мені зиярат ете келіпті, оның сый-сияпаты менің құзырымда, мешітке келген адамға жәннаттан басқа сыйлыққа еш риза емеспін» деп айтады. 

Алла үйін салған адамдарға қатысты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өз хадисінде былай дейді: «Кім жер бетінде Алланың үйін салуға ат салысса, Алла Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды». Ислам тарихында мешіт салу – барша пайғамбарлар жасаған амал болған.

Алла Тағала өзінің үйін тұрғызуда жеңілдігі мен берекетін берсін деп тілейміз!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру