Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА «ХАЛАЛ ДАМУДЫҢ» СЕМИНАР-ТРЕНИНГІ ӨТТІ

halaldamu.kz 05.05.2023 1560 0 пікір
ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА «ХАЛАЛ  ДАМУДЫҢ» СЕМИНАР-ТРЕНИНГІ ӨТТІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жыл басында бекіткен жоспарына сәйкес, «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы және технолог мамандардың қатысуымен «Нұр-Мүбарак» университетінде, «Үшқоңыр» және «Әбу Ханифа»  медресе-колледждерінде арнайы семинар-тренинг өтті. 

«Халал – шариғат талабы» атауымен өткен оқыту шараларына Алматы қаласының және Алматы облысының бас имамдары Төлеби Дәділұлы мен Мадияр Тағайбайұлы, сондай-ақ оқу орындарының басшылығы да арнайы қатысты.

Оқу-семинарлар барысында шариғатымыздағы халалдың орны мен маңызы жөнінде түсіндірген Айбек Асқарбекұлы: «Алла Тағала адамзат баласына көл-көсір нығметтер беріп, жер бетіндегі халал мен харам нәрселердің ара-жігін ажыратып көрсеткен. Адал астың адам рухына, денсаулығына, құлшылығына тигізер ықпалы мол. Дұғамыздың қабыл болуы, деніміздің сау, ұрпағымыздың ұлағатты болуы жеген асымыздың адал болуына тікелей байланысты», – деп халалдың салмағы мен маңызы жөнінде түсіндірді.

«Отбасы үшін ас даярлайтын да, азық-түлік таңдайтын да, балардың тамағына жауапты да әйел адамдар болғандықтан халал турасында мағлұматының болғаны нәзік жандыларға аса маңызды. Адал астың адам рухына, денсаулығына, құлшылығына тигізер ықпалы мол. Халал астың маңызы жөнінде аяттар мен хадистер де бар. Дұғамыздың қабыл болуы, деніміздің сау болуы, ұрпағымыздың ұлағатты болуы жеген асымыздың адал болуына байланысты» деді Айжан Қалмаханқызы. 

Халал өнім өндіру технологиясы мен стандарт талаптары, «QMDB Halal» сертификатының артықшылығы мен ерекшелігі, зертханалық тексерістің маңыздылығы, тағамдық қоспалардың өндірісі жөнінде баяндалды. Сонымен қатар, қатысушылар сұрақтарына жауап беріліпді.

Оқу орындары басшылығы тарапынан шәкірттердің білімін жетілдіруге арнайы  уақыт бөлгендеріңізге және мүфтияттың атқарып жатқан игі істеріне ризашылығын жеткізілді. Мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру