Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазығұртта көкпар додасы қыза түсті

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 23.01.2023 1803 0 пікір
Қазығұртта көкпар додасы қыза түсті

ҚМДБ Шымкент қалалық өкілдігі ұлттық ойындардан жарыс өткізді.

Қазығұрт тауының баурайында ұйымдастырылған дүбірлі додаға дін қызметкерлері, атсүйер қауым, шабандоздар қатысты.

Алдымен ата дәстүріміз саналатын ат үстіндегі аударыспақ ойыны,  теңге ілу,  аламан бәйге жарыстары өтті. Бұдан кейін  бата көкпар ұйымдастырылып,  жүлде алған шабандоздарға арнайы сый-сияпат табысталды.

Жарыс қорытындысында наиб имам Қазыбек Сарыбаев шабандоздарға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлының сәлемін жеткізсе, дін мен дәстүр бағытына жауапты өкіл, дінтанушы Самат Анарбаев ұлттық ойындардың тарихына, дін мен дәстүр, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлердің маңызына тоқталып, қаржылай демеуші болған азаматтарға алғысын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру