Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Астанада «Қайырымды жұма» жәрмеңкесі өтті

Астана қаласы өкілдігі muslim.kz 20.01.2023 3111 0 пікір
Астанада «Қайырымды жұма» жәрмеңкесі өтті

Күндердің сұлтаны болған қасиетті жұмада Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Қайырымды жұма» жәрмеңкесі өтті.

Мешіттің әйел шәкірттері мен ұстаздарының қолынан шыққан түрлі тәттілер мен тағамдар жұма намазына жиналған жамағатқа ұсынылып, қайырымдылық саудасын қыздыра түсті. Сондай-ақ, жәрмеңке сөрелерінен мұсылман тауарлары мен әдеби-рухани кітаптар, мұсылман әйеліне арналған киімдер де орын тауып, келушілерге ұсынылды.

Айта кетейік, қайырымдылық жәрмеңкесі әр ай сайын тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Жиналған қаражат қайырымдылық шараларына жұмсалады.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру