Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҰЛЫТАУ: ИМАМДАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ АЛҚАЛЫ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Ұлытау облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 15.08.2022 1269 0 пікір
ҰЛЫТАУ: ИМАМДАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ АЛҚАЛЫ ЖИЫНЫ ӨТТІ

ҚМДБ Ұлытау облыстық өкілдігінің орталық Ахмет Ишан Оразайұлы мешітінде қала, аудан, ауыл мешіттері имамдарының алғашқы алқалы жиналысы өтті. 

Облыстың бас имамы Елдос Жұмаділда Ұлытау халқына қызмет етіп жатқан имамдармен танысып, өңірде атқарылып жатқан жұмыстарды талқыға салды.

«Біздің өңірде арнайы өкілдіктің құрылуы – үлкен жауапкершілік, сол себепті әрбір имам Діни басқарма тарапынан келген тапсырмаға және өз міндетіне аса жауапкершілікпен қарауы тиіс. Біздің халық алдындағы парызымыз – міндетімізді орындап, ел игілігі үшін адал қызмет ету» дей келе Елдос Қуандықұлы имамдарға бірқатар нақты тапсырмалар берді. Атап айтқанда, Діни басқарма қызметінің негізгі 7 бағыты бойынша бекітілген тапсырмаларға жеке-жеке тоқталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру