Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бала асырап алған 2 отбасыға көмек берілді

«Зекет және қайырымдылық» қоры zeket.online 02.07.2022 2867 0 пікір
Бала асырап алған 2 отбасыға көмек берілді

«Зекет және қайырымдылық» қорының ұйытқы болуымен жетім балаларды қамқорлығына алған Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Қоянды елдімекененінде тұратын екі отбасыға көмек берілді.

Жуырда ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қарағанды облысына іс-сапары барысында балалар үйінен қамқорлығына бірнеше баланы алған Бейбіт Жұманов және Гауһар Төреевамен кездескен болатын.

Ал күні кеше «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Қанат Қыдырмин жомарт жандардың қолдауымен екі отбасыға Бас Мүфтиге жасаған өтініштері бойынша ноутбук сыйлады. Қор директоры жетімді жылатпай, қамқорлығына алып отырған екі отбасыға Бас мүфтидің сәлемін жеткізіп, сауапты амалдарына ризашылығын білдірді.

Айта кетейік, бүгінде өз балаларымен қосқанда ауыл тұрғыны Бейбіт Жұманов он бала, ал Гаухар Төреева 9 баланы қамқорлығына алып, тәрбиелеуде.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру