Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШЫМКЕНТ: «АРЫСТАНБАБ ҺӘМ ИХСАН ІЛІМІ» СЕМИНАРЫ ӨТТІ (ФОТО)

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі 26.05.2022 642 0 пікір
ШЫМКЕНТ: «АРЫСТАНБАБ ҺӘМ ИХСАН ІЛІМІ» СЕМИНАРЫ ӨТТІ (ФОТО)

Шымкент орталық мешітінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасына орай рухани тәрбие – Ихсан ілімі бағыты негізінде «Арыстан баб һәм Ихсан ілімі» аймақтық рухани-танымдық семинары өтті.

Рухани-танымдық семинарға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Абдрахманов, бас имамның орынбасары Мұхамеджан Естеміров, Шымкент қалалық дін істері басқармасының бөлім басшысы Ғалымжан Тахирұлы, «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай, дінтанушы Мұсабек Ақтамберді, Қазыбек Сарыбаев, «Тауаф» қажылық компаниясының қалалық бөлімінің жетекшісі Азамат Әбдіркемұлы, қалалық әдеп кеңесінің жетекшісі Бекайдар Әміре және мешіт имамдары мен ұстаздар қатысты.

Семинар барысында әйгілі әл-Азһар университетінің түлегі, қалалық мешіттің наиб имамы Нұрсұлтан Мамедалиев «Арыстан баб және сопылық ілімнің тарихы» тақырыбында баяндама оқыды. Басқосу өте әсерлі болып, қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, тұщымды жауап алды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру