Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскемен: Алдағы міндеттер айқындалды

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 19.01.2022 1944 0 пікір
Өскемен: Алдағы міндеттер айқындалды

Шығыс Қазақтан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігіне қарасты аудандық, қалалық мешіт имамдарының кезекті жиыны өтті. Басқосуға өкілдікке қарасты қала, аудан имамдары қатысты.

Алқалы жиында ҚМДБ-ның бағалауы бойынша өткен 2021 жылғы өкілдіктің жұмыс нәтижесі таныстырылды. Сонымен қатар ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен 2022 жылды «Ислам – ынтымақ және бірлік діні» деп жариялауына байланысты атқарылатын шаралар мен алдағы міндеттер талқыланды.

Бас имам Ермек Қасболатұлы бағалау нәтижесін жеке талдап түсіндіре отырып, нақты істерге тоқталды. «Биылғы жылды «Ислам – ынтымақ және бірлік діні» деп жарияланды. Осыған орай тың бастамалармен жұмыс жасау – бүгінгі таңдағы басты міндетіміз. Өңірде бірқатар рухани-мәдени шаралар атқаруды жоспарлап отырмыз. Бұл бағытта ҚМДБ-дан берілген жоспар, тапсырмаларды бұлжытпай мерзімінде орындап, нақты нәтижелер көрсетуіміз керек» дей келе, аудан имамдарына өңірдегі барлық мешіттердің жедел байланыс орнатуы, кері ағымдармен жүйелі түрде нәтижелі жұмыс жасау, Діни басқарманың тапсырмаларын уақыты орындау, жамағатпен жұмысты жаңаша бағытта үйлестіру секілді шараларға тоқталды.

Бас имам сонымен қатар қоғамға Исламның мейірімділігін таныту мақсатында әр аудан, ауыл имамдары ізгілік шараларын өрістетуді тапсырды. Ермек Қасболатұлы кейбір салалар бойынша атап айтқанда, «Qamqor-Shаrapat» бойынша жерлеу рәсімдерін бірізділікке түсіру бағытында нақты тапсырмалар берді.

Жиында мешіт құжаттарын реттеуге байланысты іс басқарушы баяндама жасап, осы бағытта мәселелер талқыланды. Сондай-ақ ҚМДБ тапсырмасы бойынша «Бір күнде – бір хатым» жобасы аясында 2 хатым түсіріліп, еліміздің бейбітшілігі мен тыныштығы, халықтың амандығы үшін дұға жасалды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру