Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ САХАБА ӘБУ ӘЙЮБ ӘЛ-АНСАРИГЕ ЗИЯРАТ ЖАСАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 06.12.2021 2473 0 пікір
ҚМДБ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ САХАБА ӘБУ ӘЙЮБ ӘЛ-АНСАРИГЕ ЗИЯРАТ ЖАСАДЫ (ФОТО)

Түркиядағы ресми сапар аясында ҚМДБ Төрағасының орынбасары, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы бастаған ұжым әйгілі сахаба Әбу Әйюб әл-Ансари (Алла оған разы болсын) қабірін зиярат етіп, бар өмірін Ислам жолына арнаған ансардың рухына қасиетті Құран аятын бағыштады.

Зиярат барысында наиб мүфти бастаған ұжым Стамбұлдағы Әйюб Сұлтан ауданындағы мешітте намаз оқып, кесенені толық аралады.

Сахаба 576 жылы Мәдина қаласында дүниеге келген. 674 (кей деректерде 672ж) Стамбұлда қайтыс болған. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Мадина қаласына хижрет жасағанда дәл осы Әбу Әйюб әл-Ансаридың (Алла оған разы болсын) үйінде 7 айға жуық тұрған болатын. Ол Бәдр, Ухуд және Хандак шайқасына қатысқан. Қартайған шағында Констонтинопольды (қазіргі Стамбұл) алуға жасалған жорықта жарақат алып, көп ұзамай көз жұмады. Өзінің өсиеті бойынша ислам әскері сахабаны Констонтинопольдың қорғандарына жақын жерлеген. Бүгінде Стамбұлдағы бір аудан сахаба атымен аталады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру