Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Егемендік жайлы сұхбат құрды

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі akmechet.kz 29.07.2021 2286 0 пікір
Қостанай: Егемендік жайлы сұхбат құрды

Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Тәжімбет ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында аудан, қала тұрғындарымен рухани кездесулер өткізуде.

Бұл жолы белгілі бас имам Рудный қаласының маңындағы Горняк елдімекеніне арнайы ат басын бұрып, жергілікті тұрғындармен жүздесті. Әңгімеге негізінен еліміз егемендік алған кезең ішіндегі қол жеткен жетістіктер, облыстағы діни ахуал және алда тұрған өзекті мәселелер арқау болды.

Әрине, әлемді жайлаған пандемия жайлы да айтылды. Онда әсіресе, мешіттердегі сақтық шаралары, яғни бетперде тағу, арақашықтықты сақтау жөнінде де тілге тиек етілді. Қойылған сұрақтарға нақты жауап берілді. Бір сөзбен айтқанда, бас имамның ауылдағы халықпен кездесуі өте әсерлі өтті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру