Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Нұр-Сұлтан: Шәкірттер арасында хадис жаттау жарысы өтті

muslim.kz 13.05.2021 2621 0 пікір
Нұр-Сұлтан: Шәкірттер арасында хадис жаттау жарысы өтті

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Шейх Кунта қажы» мешітінде елорда мешіттерінің шәкірт қыздары арасында хадис жаттаудан жарыс өтті. Жарысқа 33 шәкірт қатысып, білімі мен жаттау қабілетін сынға салды.

Салтанатты байқаудың ашылуына арнайы қатысып, ізгі тілегін білдірген «Шейх Кунта қажы» мешітінің бас имамы Ибрагим Сматаев ардақты Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетін сүйіп, хадистеріне амал етудің қаншалықты абзал амал екендігін айтып, жарысқа қатысушы шәкірттерге ризашылығын жеткізді. Сондай-ақ мешіт ұстазы Лаура Арыстанбекқызы қатысушыларға жарыс тәртібін түсіндіріп, «Шейх Кунта қажы» мешітінің Әйел-қыздар секторының ұйытқы болуымен ұйымдастырылып отырған шараның мақсат-маңызын атап өтті.

Шәкірттер білімін «Ғылмани» мешітінің ұстазы Айгүл Көксеген мен «Шейх Кунта қажы» мешітінің ұстазы Лаура Арыстанбекқызы сараптап, жалпы ұпай саны бойынша жүлдегер анықталды. Жүзден жүйрік шығып, жеңіс тұғырынан табылған төмендегі шәкірттерге арнайы сыйлықтар табысталды:

1 орын - Айша Оздоева («Шейх Кунта қажы» мешіті)

2 орын - Ақмаржан Алиакбар  («Сәдуақас Ғылмани» мешіті)

3 орын - Айша Мацеева («Шейх Кунта қажы» мешіті)

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру