Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: Тұма бұлағының көзі ашылды

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі 10.08.2020 1157 0 пікір
Қарағанды: Тұма бұлағының көзі ашылды

Қарағанды облысына қарасты Жәйрем кенті мен Түкөскен ауылының ортасында орналасқан жаңа Тұма бұлағының көзі ашылды. Бұл игі іс ҚМДБ-ның «30 жылдыққа 30 игі шара» науқаны аясында атқарылды.

Берекелі шараға Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожа  арнайы қатысты. Жаңа бұлақтың басында Құран оқылып, дұға жасалды.

«Бұлақ көрсең, көзін аш» деген бабалар сөзінде. Халқымыздың әрбір сөзінің астарында үлкен мән жатыр. Жоғарыдағы айтылған нақыл да, құлаққа қаншалықты қарапайым естілгенімен мөлдір бұлақтың көзін ашу – адамзат тіршілігі үшін аса бір маңызды, сауапты іс екендігінің дәлелі.

«Бір адам құдық қазса, мың адам су ішеді» дейді қазақта. Осындай игі дүниенің жүзеге асуына үлкен үлес қосып, демеушілік еткен «Болашақ Жайрем» комуналдық қызметінің басшысы Қазбек Мәдібекұлына барша ауыл-аймақ тұрғындары мен жамағаты ерекше алғыстарын білдіріп, ауыл ақсақалдары өз батасын берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі