Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Сыр имамдары онлайн оқыту курсына қатысты

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 07.08.2020 2627 0 пікір
Қызылорда: Сыр имамдары онлайн оқыту курсына қатысты

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен және «Қазақстан Республикасындағы лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен онлайн форматтағы оқыту семинары өтті.

«Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелерін даярлау және қайта даярлау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру» гранттық жобасы аясында өткен курсқа ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша бас имамы Болатбек Ұлақсанұлы бастаған Сыр имамдары, ақпараттық насихат топтарының мүшелері қатысты.

Оқыту семинарының мақсаты – халықтың нысаналы топтары арасында ақпараттық насихат тобы мүшелерінің құзыреттілігі мен әлеуетін арттыру және профилактикалық жұмыста инновациялық тәсілдерді енгізу.

Онлайн курста Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, «Қазақстан Республикасындағы лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы» қоғамдық қорының директоры Кәкімжан Бишманов, теолог-исламтанушы «Нұр-Мүбарак» университеті жанындағы экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының директоры Асқар Сабдин және ҚР-ның мәдениет қайраткері, Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессоры Мұрат Абзелбаев, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің аға оқытушысы, PhD докторы, дінтанушы Құдайберді Бағашар дәрістер оқыды.

Курс соңында дәріскерлер қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, қатысушылар арасында Pre-Post сауалнамасы жүргізілді.
Сондай-ақ, оқыту семинарының қорытындысында курс қатысушыларына арнайы сертификаттар табысталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру