Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Онлайн уағыз-насихат жалғасады

Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі akmechet.kz 23.07.2020 2136 0 пікір
Қостанай: Онлайн уағыз-насихат жалғасады

Баршамызға белгілі, әлемді жайлаған дертке байланысты елімізде карантин жарияланды. Соған байланысты дін қызметкерлері де өз жұмыстарын уақыт талабына сай ұйымдастыруға көшті.

Бұл орайда халықты имандылыққа, сабырлыққа шақыру мақсатында үстіміздегі жылдың наурыз айынан бері Қостанай облысына қарасты барлық мешіттерде онлайн уағыздар өтіп келеді.

Мәселен, әр аптаның алты күнінде облыстың бас имамы Бахытбек Тәжімбет, наиб имам Дархан Сыздықов, білікті мамандар Мейрамбек Жетесов, Тұрым Мұқанбетжановтар облыс тұрғындарымен көкейдегі жүрген көрікті ойлармен бөліседі. Онда өзекті тақырыптарды қамтиды.

Сонымен қатар Ислам ғибадаты, Ислам әдебі, Құран тәпсірі, ахлақ (мінез-құлық) пәндері бойынша апта сайын Қостанай облыстық мешітінің әлеуметтік желілері арқылы уағыз-насихат айтылып тұрады.

«Мұндай игі мақсаттағы танымдық-тағылымдық жағы мол уағыз-насихаттар алдағы уақытта да жалғаса бермек. Ең бастысы, еліміздің халқы аман-есен болсын» дейді өңірдің бас имамы Б.Тәжімбет.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру