Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«ШЫМКЕНТ» МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖІНІҢ ТҮЛЕКТЕРІ ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ (ФОТО)

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 22.06.2020 3737 0 пікір
«ШЫМКЕНТ» МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖІНІҢ ТҮЛЕКТЕРІ  ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ (ФОТО)

Бүгін «Шымкент» медресе-колледжі түлектерінің қорытынды емтиханы өтті. Биыл мемлекеттік емтихан әлемге дүрбелең салған  COVID-19 жұқпалы індетіне байланысты  тұңғыш рет емтихан онлайн негізде жүрді.

Емтиханды мемлекеттік аттестациялау комиссиясының төрағасы, ҚМДБ Бас мүфтидің кеңесшісі Балтабай Мекежанов, мүшелері, ҚМДБ Діни білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков, ҚМДБ-ның Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, арнайы пәндер оқытушысы Анарқұл Сырманов және арнайы пәндер бойынша оқытушы, хатшысы Диара  Ташпулатовалар қабылдады.

Ресми шара алдымен қасиетті Құран оқумен басталып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бітіруші тілектерге жолдаған құттықтау сәлемі жеткізіліп, сәттілік тіледі.

Айта кетсек,  «Шымкент» медресе-колледжі түлектерінің директоры Талғат Әсембайдың айтуынша, емтихан жұмысы екі күн бойы онлайн түрде жүргізілді. Медреседе оқыған Құран, фиқһ, араб тілі т.б. пәндері бойынша емтихан алынды. Жалпы,  100 ер, 37 қыз және 16 сыртқы бөлім түлектері жоғары деңгейде емтихан тапсырды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру