Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтау: Көпбалалы отбасыларды қуантты

Ақтау қалалық "Бекет ата" мешітінің баспасөз қызметі 02.06.2020 2549 0 пікір
Ақтау: Көпбалалы отбасыларды қуантты

Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің қызметкерлері Балаларды қорғау күніне орай қайырымдылық шарасын өткізді. Ақтауда тұратын 20 көпбалалы отбасына азық-түлік және балаларға тәттілер таратты.

«Ақтау мешіті қызметінің бір бағыты – қайырымдылық шараларын ұйымдастыру. Бұл жолы ақтаулық көпбалалы отбасыларға мерекеде қуаныш сыйлап, азық-түлік жіберілді. Асыл дінімізде мейірімділік пен мұқтажға   көмек қолын созу ең ізгі қасиеттер саналады. Карантин тәртібіне  байланысты, балаларға ауқымды шара ұйымдастыра алмадық. Ел болашағы  саналатын балдырғандарды мерекелерімен құттықтап, жарқын өмір тілеймін» дейді Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің бас имамы Қайрат Маманбаев.

Азық-түлік қоржынына ұн, шұжық, бір қорап тәттілер салынды. Кәсібінен береке тауып, тапқан табысының бір бөлігін қайырымдылыққа бөлген жеке  кәсіпкер Шафхат Рыжибаев басшылық ететін «Асланбектің» дәмді шұжық өнімдері көпбалалы отбасыларға жөнелтілді.

Өткен аптада Ақтау қалалық Бекет ата мешітінде 20 мұқтаж отбасына азық-түлік жіберілген болатын. Мешіт қызметкерлері мұндай игі шараларды тұрақты өткізіп келеді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру