Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: Өнер адамдары ауызашар қоржынын таратты

Алматы өңірі өкілдігінің баспасөз қызметі 21.05.2020 2539 0 пікір
Алматы: Өнер адамдары ауызашар қоржынын таратты

Алматыдағы ҚМДБ ғимаратында елімізге белгілі өнер адамдарының қатысуымен қайырымдылық шарасы өтті. Игі шараға қазақ өнерінің танымал өкілдері Мейрамбек Бесбаев, Сәкен Майғазиев, Ерғали Əбдірайымов, Ердос Қанаев, Гүлмира Ақүрпекова, Жанар Айжанова қатысты.

Шара барысында ҚМДБ Дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі Нұрбек қажы Әуесханұлы ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Рамазан айымен құттықтау сәлемін жеткізіп, демеушілік жасаған қазақ өнерінің танымал өкілдеріне алғыс айтты. Қасиетті Рамазан айының құрметі үшін ұйымдастырылған игі шарада баспанаға аса мұқтаж  отбасына «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық акциясының 208-үйінің кілті табысталды.

Баспана кілті Алматы облысының тұрғыны, көпбалалы ана Айнұр Сапароваға бұйырды. Алматы өңірінің бас имамы Қуаныш Бақытбекұлы баспаналы болған отбасына Бас мүфти атынан сыйлықтар табыс етті. Мүфтият пен өнер өкілдері бірлесе атсалысқан қайырымдылық іс-шара аясында 50 мұқтаж отбасыға азық-түлік салынған ауызашар қоржыны таратылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру