Көкшетауда мұқтаж отбасыларға 100 қорап азық-түлік жиынтығы таратылды.
Қайырымды іске Ақмола облыстық «Науан хазірет» мешіті мұрындық болды. Мешіт имамы Қуаныш Жұмабайұлының айтуынша, сауапты іске кәсіпкерлер де атсалысқан. Айта кетейік, аталған шара Елбасы жариялаған «Біз біргеміз» акциясы аясында ұйымдастырылып отыр. Мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасады.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру