Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Имамның отбасы бетперде тігіп, тегін таратты

Өскемен аймағы өкілдігінің баспасөз қызметі 26.03.2020 2878 0 пікір
Имамның отбасы бетперде тігіп, тегін таратты

Дүниежүзін жайлаған коронавирус індетіне қарсы тұру бүгінгі күннің ең маңызды мәселесі болып отыр. Осыған байланысты Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының бас имамы Тілейбек Соянұлы отбасымен маска тігіп жатыр.

«Қазіргі таңда өңірде бетперде тапшылығы сезілуде. Халыққа аз болса да көмек болсын деген ниетпен отбасымызбен бетперде тігіп жатырмыз. Даяр болған маскаларды Өскеменге жібереміз және аудан тұрғындарына тегін үлестіреміз. Әркім осындай істі қолға алғаны құба құп. Мұндай індетке ұлт болып жұмыла қарсы тұруымыз керек» деді Тілейбек Соянұлы.

Айта кетейік, бұл отбасы күніне 100 шақты бетперде тігіп, тегін таратуда. Алла сауаптан жазсын!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру