Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: Мәуліт кешіне екі жүз жамағат қатысты

http://www.islam-atyrau.kz/ 19.11.2019 3029 0 пікір
Атырау: Мәуліт кешіне екі жүз жамағат қатысты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әйелдер-қыздар секторының Атырау облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен мұнайлы астанадағы Мәуліт кешіне  өңірдің бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы арнайы қатысты.

Жұлдыз елдімекенінде орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітте өткен рухани кешке Атыраудағы мешіттердің барша әйелдер жамағаты қатысты. Алтынбек Ұтысханұлы жиналған жамағатты Мәуліт мерекесімен құттықтап, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірі туралы уағыз-насихат айтты.

«Шәддад ибн Әус (р.а.): «Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Нағыз ақылды адам – әрдайым өз-өзін есепке тарта отырып, ізгі амалдар жасап, өлімнен кейінгі өмірге қамданған адам. Ал нағыз бейшара – тойымсыз нәпсінің қалауына ерік беріп, соған қарамастан (о дүниеде ізгілермен бірге болармын деп) Алланың мейірімінен үміт еткен адам» деп айтты» деген (Тирмизи). Әр мұсылман үшін Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үлгі болуы керек» деп атап өтті ол өз сөзінде.

Рухани шара аясында Пайғамбардың  өмірі туралы көрініс көрсетіліп, илләһи әндер айтылды. Сондай-ақ мешіттің игі бастамаларына атсалысып жүрген әйел аналарға бас имам Алтынбек Ұтысханұлы алғыс хаттар табыс етті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру