Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ӨСКЕМЕН АЙМАҒЫНЫҢ ӨКІЛ ИМАМЫ

ӨСКЕМЕН АЙМАҒЫНЫҢ ӨКІЛ ИМАМЫ

Мұқатай Ермек Тасболатұлы

Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек кентінде 1978 жылы дүниеге келген.

Білімі мен біліктілігі:

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанындағы Ислам институты және Түркия Республикасы, Стамбул қаласында дiни оқуды жалғастырған.

Еңбек жолы:

Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Қоғалы ауылында мешіттің бас имамы, Кербұлақ ауданының бас имамы, Алматы қаласындағы "Бақыткелді'' мешітінің бас имамы, Алматы қаласы, Жетiсу ауданының Бас имамы қызметтерін атқарған. Соңғы қызмет орны Астана қаласындағы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың анасының атындағы «Әлжан ана» мешітінің бас имамы болып қызмет атқарды. Имамдық қызметімен қатар 2012 – 2014 жылдары аралығында екі жыл қатарынан Алматы қаласы, «Оңтүстiк Астана» Алматы телеарнасында «Бес парыз», «Тура жол» дiни-танымдық бағдарламаларды тұрақты түрде жүргiзiп келген. Ғылыми жұмыспен айналысып, ҚМДБ төрағасы, Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлы мен найб мүфти Серiкбай қажы Ораздың ғылыми және жоба жетекшілігінде қасиетті Құран Кәрімді жаңа үрдіспен сөзбе-сөз мағынасын дайындаған.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының 19 қараша 2015 жылғы №2084 бұйрығымен Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» орталық мешітінің бас имамы болып тағайындалды.