Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ

Болатбек Ұласқанұлы Абу

1982 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.

 

Білімі:

2003-2008 жылдары Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетін аударма ісі мамандығы бойынша үздік бітірген;

2008-2010 жылдары Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетін Араб филологиясы мамандығы бойынша Магистратурасын бітірген;

2011-2013 жылдары Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша екінші жоғары білім алған;

2013ж. Республикалық имамдар білімін жетілдіру институтында білім алған;

2012-2015 жылдары Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті Шетел филологиясы мамандығы бойынша Докторантурасын тәмамдаған;

 

Еңбек жолы:

Қызмет жолын 1999-2002 жылдары Қызылорда обл., Байқоңыр қаласы «Жәрімбет ишан» мешітінде азаншы, ұстаз, наиб имам болып бастады.

2005 – 2008 жылдары Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті Студенттер кеңесінің мүшесі, төрағасы орынбасары;

2008 – 2010 жылдары Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті ректорының референт-аудармашысы;

2009 – 2012 жылдары Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде оқытушы;

2010 – 2014жылдары Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті ректорының әкімшілік және халықаралық істері жөніндегі көмекшісі;

2014 – 2018 жылдары Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің Аппарат жетекшісі, Бас хатшы қызметтерін атқарды.

2018 жылдың 23 ақпанынан бастап Қызылорда облысының бас имамы қызметін атқарды.

2023 жылдан бастап Алматы қаласы Бостандық аудандық «Байкен» мешітінің бас имамы қызметінде болды.

2025 жылдың 22 ақпанында Атырау облысының және «Иманғали» мешітінің бас имамы болып тағайындалды.

 

Марапаттары:

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті ректорының Алғыс хаты;

«Қызылорда қаласына 200 жыл» мерекелік медалі;

«Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалі;

ҚР-ның «Халық алғысы» медалі;

 Қармақшы ауданың құрметті азаматы;

Қызылорда облысы әкімі Алғыс хаты;

«Байкен» мешітінің 10 жылдығына орай Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің Алғыс хаты;

«Үздік аудан-2024»  аталымы бойынша 1-орынмен Алматы қаласы Бас имамы марапаттады.

 

Үйленген, 4 баланың әкесі.