Фаджр

Восход

Зухр

Аср

Магриб

Иша

Расписание на год на месяц

«Балмағамбет Балқыбайұлы» мешіті (Фото)

«Балмағамбет Балқыбайұлы» мешіті

Сәтбаев қаласында тұрғызылған. 2002 жылы Сәтбаев қалалық әкімінің қолдауымен «Қазақмыс» корпорациясы салған. Құрылыс-монтаждық жұмысын «ЭЛМО», «СУМРЭО», «ИСҚ ЭШЕЛ», «ПТДС» кәсіпорындары да жүргізді. Басты жобалаушы «Алматыгипрогор».

Жерінің жалпы аумағы 6740 шаршы метр. Ауласына талдар, гүлдер егілген, демалатын орындықтар қойылған. Ғимараттың аумағы 778 шаршы метр. 350 кісіге арналған. Екінші қабаты антресольді. Кіреберіс, кітапхана, вестибюль, имам бөлмесі, екінші қабатта дәріс, сынып бөлмелері орналасқан. Қабырғасы ақшыл сұр түсті кірпіштен қаланған. Күмбезінің биіктігі 21, мұнарасының биіктігі 40 метр. Қосалқы ғимарат бір қабатты, асхана бөлек орналасқан.

Мешіттің ашылу салтанатына Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі қатысып, халықты қуанышымен құттықтап, батасын берді.

Мечети этой области или города