«Ескене мешіті»
Жаңаарқа ауданы Ескене аулында 2003 жылы Зейнеп Биматқызы атындағы қор қаражатына салынған. Намаз бөлмесі 12х12, мұнарасының биіктігі 12, көгілдір күмбезінің аумағы 3 метр. Үлкен күмбез ішіне «Бақара» сүресінің 255-аяты «Аятул курси» жазылған. Имам бөлмесі мен шәкірттер дәрісханасы бар. Ғимарат дала түстес кірпішпен өрілген. Үлкен зал төрт терезелі, екі есікті. Терезелерінде шығыстың сәулет өнерінің ерекшеліктері сақталған. Ғибадатхананың маңдай алдына қасиетті Құран аяты өрнектелген.
МУСУЛЬМАНСКИЕ ПРАЗДНИКИ

05.06.2019







+7 7172 999 866
г. Астана, ул. Карасаз 3