Фаджр

Восход

Зухр

Аср

Магриб

Иша

Расписание на год на месяц

«Жайрем кенті мешіті» (Фото)

«Жайрем кенті мешіті»

Жезқазған аймағы Жайрем кентінде орналасқан. Мешіт Жәйрем кен байыту комбинатының қаражатымен 1991 жылы басталынып, 1992 жылы  салынып біткен. Мешіт жерінің жалпы көлемі 2860 шаршы метр. Мешіт ауласында жеміс-жидек, арша талдары мен хош иісті түрлі гүлдер егілген. Мешіт ғимаратының жалпы көлемі  14х14 метр, 100  адам намаз оқи алады. Ғимаратының биіктігі 6 метр. Сырты ұлутас плиткаларымен қапталынған. Имам бөлмесі, дәрісхана, дәрет бөлмелері бар. Мешіт михрабының көлемі 4х1,5 м, арабша «Алла», «Бисмиллаһир - Рахманир - Рахим», «Мұхаммед» деп жазылған. Мешіттің ішкі қабырғалары Құран аяттарымен өрнектелген. Мешіт бір күмбезді, шеңбері 2,5 метр, биіктігі 7 метр.

Мечети этой области или города