Фаджр

Восход

Зухр

Аср

Магриб

Иша

Расписание на год на месяц

«Әбдірахман қажы» мешіті (Фото)

«Әбдірахман қажы» мешіті

Қарқаралы ауданы Қасым Аманжолов ауылында 2004 жылы салынған. Іргесі шлакты блоктан, сырты ақ силикаттан қаланған. Екі мұнаралы, көк сырмен сырланып, сырты ақ силикат кірпішпен қапталған. Ауласына тас төселген, айнала қайың, қарағай егілген. Гүл егетін орындары сәнді жасалған. Кешкісін электр бағаналары айналаны жарықтандырады. Ауласы темір шарбақпен қоршалған, жаназа намазы оқылатын, жылу жүйесі, от жағатын орындары да бар. 60 кісілік үлкен ерлер залына түрлі-түсті кілем төселген. Бөлме іргесіне Құран аяттары мен хадистер жазылған. Михраб қазақи өрнекпен безендірілген. Мінбері өте сәнді. Бөлме екі терезе, алты шамды. Әйелдер намаз оқитын бөлмеге 20 адам сияды.

Мечети этой области или города