Фаджр

Восход

Зухр

Аср

Магриб

Иша

Расписание на год на месяц

«Садуақас Ошақұлы» мешіті (Фото)

«Садуақас Ошақұлы» мешіті

Сәтбаев қаласы Қ.И.Сәтбаев даңғылының бойында. Ғимаратты 2009 жылы Сәтбаев қаласының жергілікті тумасы, кәсіпкер Құрманәлі Ошақов өз қаражатына салдырды. Жерінің жалпы аумағы 54,3 шаршы метр. 200 кісіге арналған. Сырты шығыс үлгісінде Иран кірпішімен безендіріліп қаланған. Ауласы жазық, айналасы тротуарлы қыштармен әсемделген. Екі қабатты. Төменгі қабатына әйелдер намаз оқитын зал, шағын кітапхана, имам бөлмесі орналасқан. Есік-терезелері қазіргі заманауи үлгіде жасалған. Намаз оқитын үлкен зал жоғарғы қабатта. Мұнара есігі зал бұрышынан шығарылған. Бір күмбезді, шеңбері 6, биіктігі 7 метр. Мұнарасының биіктігі 17 метр. Қасында бөлек асханасы бар. Бұл ғимараттың биіктігі 4,24 метр, ені 5 метр. Ғимарат сырты ақшыл түсті қызыл кірпішпен қапталған. Қазіргі заманауи үлгідегі жуынатын орын да көзделінген.

Мечети этой области или города