Фаджр

Восход

Зухр

Аср

Магриб

Иша

Расписание на год на месяц

«Петровка мешіті» (Фото)

«Петровка мешіті»

Бұқар жырау ауданы Петровка аулында бой көтерген. Құрылысы 2009 жылы басталып, 2010 жылы аяқталды. Алла үйі ауылдың дәл ортасындағы, жол бойында тұр. Екі қабатты. Жалпы көлемі 312,6 шаршы метр. Бір үлкен және екі кішкентай күмбезі бар. Мұнарасының биіктігі 10 метр. Ғимараттың төменгі қабатында 100 адамдық асхана орналасқан. Екінші қабатында 80 адам еркін намаз оқитын зал, имамға арналған бөлме мен оқу бөлмелері бар. Михраб ойылып істелген, оның екі жағында Алла және Мұхаммед (с.ғ.с.) деп жазылған. Мінбер биік плитадан істелінген. Терезелері пластиктен, есіктері ағаштан жасалған.

Ауласына орындықтар қойылған, асфальт төселген. Айналасы көгалдандырылып, кіреберіс алдының екі жағына гүл егілген. Жарық беретін қуатты шамдар ғимараттың екі жағында орнатылған. Түнгі уақытта айналасы жап-жарық болып, ерекше әсем түрге енеді.

Мечети этой области или города