Фаджр

Восход

Зухр

Аср

Магриб

Иша

Расписание на год на месяц

«Кеңшоқы ауылдық мешіті» (Фото)

«Кеңшоқы ауылдық мешіті»

Шет ауданы Кеңшоқы аулында орналасқан. Қасқар би ұрпақтары мешіттің салынуына демеушілік жасаған.

Биіктігі 18 метр мұнарасы мен көк күмбезі алыстан көз тартады. Алла үйіне кіргенде үлкен зал алдан айқара ашылады. Оған бір мезгілде 100 адам мінажат ете алады. Залдың ұзындығы 12, ал ені 10 метр. Құбыла жақтағы қабырғасына Құран аяттары және Алла тағаланың 99 көркем есімі безендіріліп жазылған. Намаз залына кілем төселген. Ішкі оң және сол жақ қабырғаларына «Алла тағала» және Мұхаммед (с.ғ.с.) деп жазылған. Оң жақ қатарда имам бөлмесі, ұзындығы 3, ені 2 метр.

Айналасына ағаштар егіліп, орындықтар қойылған, тас плита төселген. Аула темір шарбақпен қоршалып, гранит шынымен қапталған.

Мечети этой области или города