Фаджр

Восход

Зухр

Аср

Магриб

Иша

Расписание на год на месяц

«Шабанбай би» мешіті (Фото)

«Шабанбай би» мешіті

«Шабанбай би» мешіті  Ақтоғай ауданы Шабанбай би ауылында 2006 жылы салынған.

Аумағы 800 шаршы метр, маңайында талдар, табиғи шөп өскен. Қоршауы цементтен құйылған, биіктігі 1 метр. Жолдарына тас төселген. Қабырғасы қам кірпішпен қаланып, ақ силикат кірпішпен қапталған. Есіктері ағаштан өрнектеліп жасалған. 4 мұнаралы, биіктігі 1,5 метр. Кірпішпен өрнектелген, ақ қаңылтырмен қапталған. Күмбезінің биіктігі 3 метр, ақ қаңылтырмен қапталған. Көмірмен жылытылады. Дәліз кіреберісі 3 шаршы метр, едені цемент. Дәлізінің көлемі 15 шаршы метр, еденге тақтай төселген. Қабырғалары әдемі тастармен безендірілген. Жуынатын бөлме едені цемент, қабырғалары әктелген. Имам бөлмесінің аумағы 8 шаршы метр, ішінде үстел, едені тақтай және оған кілем төселген. Намаз оқитын бөлменің аумағы 30 шаршы метр, қабырғалары әктелген, жерге жамағаттар әкелген кілемдер төселген. Мінбері ағашпен өрнектеліп жасалған. Михраб ішінде «Бақара» сүресінің аяттары жазылған.

 

Мечети этой области или города