Фаджр

Восход

Зухр

Аср

Магриб

Иша

Расписание на год на месяц

«Қусақ» ауылдық мешіті (Фото)

«Қусақ» ауылдық мешіті

Ақтоғай ауданы Қусақ ауылында бой көтерген. Оны Қусақ елді мекеніне тарту ретінде Төлеңгіт ұрпақтарынан шыққан кәсіпкерлер 2000 жылы салып берген.

Ауданы 500 шаршы метр, биіктігі 180 см темір шарбақпен қоршалған. Ауласына гүлдер отырғызылып, алаңқайға жолына цемент плиталар төселген. Ғимарат қабырғалары ақ силикат кірпішпен қаланған. Екі мұнаралы, биіктігі 2,5 метр. Мұнара кафель сынықшаларымен безендірілген. Күмбезі көгілдір, биіктігі 3,5 метр. Азан шақыратын дыбыс күшейткіштермен жабдықталған. Намаз оқитын залдың ауданы 80 шаршы метр. Еденіне жамағат сыйға берген кілемдер төселген. Қабырғалары Құран аяттарымен безендірілген. Үлкен аспалы шамдар мен кішкене шамдар бар. Мінбері ағаштан өрнектеліп жасалған. Ғимараттың бүйірінде 12 шаршы метр имамның бөлмесі мен 4 шаршы метр жылыту қазандығы бар.

Мечети этой области или города