Фаджр

Восход

Зухр

Аср

Магриб

Иша

Расписание на год на месяц

«Тасарал» ауылдық мешіті (Фото)

«Тасарал» ауылдық мешіті

Ақтоғай ауданы Тасарал ауылында орналасқан. 2006 жылы халықтың өтініші бойынша әкімшілік ғимаратының екінші жақ бөлігін мешітке айналдырған. Ауданы 200 шаршы метр. Маңайына гүлдер егіліп, жүретін жолдарына плиталар төселген. Кіретін есік маңдайшасына «Бисмилла» деп жазылған.

Ғимарат қабырғасы шлактан құйылып, сырты ақ кірпішпен қапталған. Бір мұнаралы, биіктігі 1,5 метр. Ғимарат ауданы 40 шаршы метрлік намаз оқитын залдан, имамның қызмет бөлмесінен, дәлізден тұрады. Бөлмелеріне кілем төселген.

Мечети этой области или города