Фаджр

Восход

Зухр

Аср

Магриб

Иша

Расписание на год на месяц

«Ақтоғай» аудандық мешіті (Фото)

«Ақтоғай» аудандық мешіті

Халықтың күшімен 1996 жылы салынды. Жалпы аумағы 240 шаршы метр. Темір шарбақпен қоршалған. Ортасы қара, шеті жасыл бояумен боялған. Ауласына 10 түп қара ағаш отырғызылған, кіре беріс алдындағы 15 шаршы метр жерге тас төселген. Қабырғалары темір бетон, 9 терезесі бар. Сырты ұлутаспен қапталған. Төрт мұнаралы, биіктігі 4,5 метрден. Мұнарасы түрлі-түсті плитамен қапталған. Күмбездің үсті метр кафель сынықшаларымен безендірілген. Жанында жеке тұрған шаруашылық жұмысына арналған ғимараттың қабырғасы ақ силикат кірпішпен қапталған. Ені 6 метр, ұзындығы 8 метр.

Мечети этой области или города